Increase size
Reset to Default
Decrease size

ҚАзақстан республикасының ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Жаналыктар
Халыққа мобильді қызмет көрсету шеңберінде шалғай елді мекендердің тұрғындарына «ЗТМО» РМҚК аудандық бөлімшелерінің мамандарымен мемлекетітк қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысты ақпарат (2015 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша).

2015 жылғы 16 наурыздан бастап 2015 жылғы 23 сәуір аралығында мобильдік топ 521 шалғай ауылдық округке 1 085 рет барды, соның ішінде 11 – жоспардан тыс.

Шалғай елді мекендердің тұрғындар контингентін анықтау үшін ай сайын ХҚО және ЗТМО бөлімшелері арасында мобильдік топтардың шығу графигі жасалады.

Сонымен қатар, мобильдік топтардың тиімді қызмет көрсетуі мақсатында шығу графигіне сәйкес мобильдік топтардың келуі туралы халыққа хабарлау жұмысы үнемі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халықты қабылдауға арналған орынжайларды ұйымдастыру мақсатында ауылдық округ әкімдіктерімен алдын ала жұмыс жүргізілді. Ауылдық округ әкімдері Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша түсіндірме материалдармен, қажетті құжаттар тізбесімен, мемлекеттік қызметтерді тағайындауға арналған бланк өнімдерімен және т.б. қамтамасыз етілді.

Мобильдік топтардың құрамына 830 маман тартылған, соның ішінде:

  • ЗТМО - 330;

  • ХҚО - 358;

  • «Казпочта» АҚ - 142 адам.

 

Есепті кезеңде (16.03.-23.04.) мобильдік топтардың қабылдауына зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және консультация алу мәселелері бойынша шалғай елді мекендердің 4 053 азаматы жүгінді, соның ішінде:

  • зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін 514 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

  • деректемелерді және т.б. өзгертуге 1 018 құжат қабылданды;

  • 2 521азаматқа консультациялық көмек көрсетілді.

 

Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға арналған өтініштер бойынша электрондық макеттер уақтылы қалыптастырылды және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға қарауға жіберілді. 2015 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша 481 өтініш берушіге зейнетақы мен жәрдемақы тағайындалды. Алушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындалғаннан кейін зейнеткер куәліктерін және тағайындау туралы хабарламаларды беру мобильдік топтың кезекті баруында жүргізіледі.

Ақпарат ретінде енгізіледі.

 

Қосымша: мобильдік топтың жұмысы туралы ақпарат – 2 парақта. 

- 30.04.2015 16:38
Халыққа мобильді қызмет көрсету шеңберінде шалғай елді мекендердің тұрғындары-на «ЗТМО» РМҚК аудандық бөлімшелерінің мамандарымен мемлекетітк қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысты ақпарат (2015 жылғы 17 сәуір жағдайы бойынша).

2015 жылғы 19 наурыздағы Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Б.М.Сапарбаев ЗТМО мобильдік тобының жұмысымен танысты. Бұл жолы мобильдік топ Ұлытау ауданының Жезді кентіне барды, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселесі бойынша барлығы 27 адам қабылданды, соның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындау мәселесі бойынша - 2 адам және зейнетақы мен жәрдемақы ресімдеу мәселесі бойынша 25 адамға консультация берілді.

- 21.04.2015 12:48
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 17 наурыздағы №293-V заңымен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, енгізілген өзгерістер 2015 жылғы 30 наурыздан бастап заңды күшіне енді. 

- 06.04.2015 17:42
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №330 бұйрығымен

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7-бабы  9-2) тармақшасына сәйкес             ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №330 бұйрығымен,  2015 жылғы 01 қаңтарда күшіне енген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидалары  бекітілді.

Қағидаға сәйкес әлеуметтік төлем алушының өтінішінсіз міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) (бұдан әрі - СУБ) және МӘСҚ-дан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар (бұдан әрі – әлеуметтік төлем алушы) пайдасына бюджет қаражаты есебінен ай сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару көзделген.

Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату нормасы Қағидаға енгізілді:

  • Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтата тұру мұндай тоқтата тұруға негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап мынадай жағдайларда:

1)  Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың табыстарынан агенттің 10 пайыз мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталғанда;

2)  Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісі, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер анықталғанда;

3)  қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушылар туралы мәліметтер, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер келіп түскенде;

4)  Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушы болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткенде;

5)  босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы мәліметтер келіп түскенде тоқтатыла тұрады.

  • Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіру әлеуметтік төлем алушы:

1) осы Қағиданың белгіленген нысаны бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу фактісін растайтын анықтаманы;

2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелу фактісін растайтын құжатты;

3) баланы (балаларды) асырап алу және/немесе балаға қамқоршылық тағайындау туралы құжатты;

4) әлеуметтік төлемді алушы болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде бала бір жасқа толған күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

  • Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару:
             1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем - бала қайтыс болса;

2) егер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асатын болса тоқтатылады.

Сондай-ақ, қағидамен ЗТМО бөлімшесінің міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту, аударуды тоқтата тұру) туралы өтініш берушіні өзі жүгінген кезде табыстау жолымен, әлеуметтiк төлемді алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуі көзделген.

- 03.03.2015 16:36
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Заңның 26 - бабына сәйкес Кәсiптерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесiнде көзделген қызметкерлердiң пайдасына міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Ќазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.                                Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін, бұрынғы «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңымен   көзделген қағидалар әрекет етеді. Бұрынғы «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу шарты мен тәртібін айқындайтын. Осыған байланысты шарттар болған жағдайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асыруға болады.  

- 19.12.2013 00:00

Главная

Государственный Центр по Выплате Пенсий

Уважаемые пользователи нашего сайта, мы искренне рады приветствовать всех вас на нашем сайте!

Вопросы своевременной выплаты пенсий, пособий являются одними из важных в социальной сфере и мы надеемся, что получение разъяснений и комментариев по актуальным вопросам сэкономит Ваше время для поиска и получения необходимой информации по следующим вопросам:

 

  • своевременная выплата пенсий, государственных социальных пособий, специальных государственных пособий, государственных специальных пособий, пособий на рождение ребенка и по уходу семьям, имеющим детей, государственной единовременной денежной компенсации гражданам, пострадавшим вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне, пособий на погребение;
  • единовременная выплата за счет средств государственного бюджета, определяемая как разница между суммой фактически внесенных обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции и суммой пенсионных накоплений в накопительном пенсионном фонде на момент приобретения получателем права на пенсионные выплаты (госгарантия);
  • и иных выплат, осуществление которых возложено на Предприятие законодательными и иными нормативно-правовыми актами.

 

Изменения, поправки, вносимые в те или иные нормативно-правовые акты, Законы РК о пенсионном обеспечении, об обязательном социальном страховании - все это вы можете увидеть, посещая наш сайт.

По изложенным вопросам, уважаемые пользователи сайта, Вы можете получить своевременно нужную Вам консультацию или разъяснение квалифицированных специалистов, дозвонившись в единый информационно-справочный центр МТСЗН РК Контакт-Центр через бесплатный единый номер 1411

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық

Құрметті сайтымыздың пайдаланушылары, барлығыңызды сайтымызда көруге шын жүректен қуаныштымыз.

Зейнетақыларды, жәрдемақыларды уақытында төлеу мәселесі әлеуметтік салада маңызды мәселелердің бірі болып табылады, өзекті мәселелер бойынша түсініктер мен түсініктеме алу Сіздің төмендегі мәселелер бойынша:

  • зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, бала туғанда және балалы отбасыларға бала күтіміне берілетін жәрдемақыларды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыларды, жерлеуге берілетін жәрдемақыларды уақытында төлеу;
  • алушының зейнетақы төлемдерін алуға құқығы пайда болған сәттен жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы мен инфляция деңгейін ескерумен нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырмасы ретінде анықталған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлем (мемлекеттік кепілдік);
  • жүзеге асыру заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен Кәсіпорынға жүктелген өзге де төлемдер бойынша қажетті ақпаратты іздеу мен алуға деген уақытыңызды үнемдейді деп үміттенеміз.

Кез келген нормативтік құқықтық актілерге, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген өзгерістер, түзетулердің барлығын біздің сайтымыздан көре аласыздар.

Берілген мәселелер бойынша, құрметті сайтымыздың пайдаланушылары, Сіздерге қажетті консультацияны немесе білікті мамандардың түсініктерін 1411 бірыңғай нөміріне ҚР Еңбекмині Байланыс орталығының бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығына тегін қоңырау шалу арқылы уақытында жауап аласыздар.

Жаңалықтар